389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Теміржол-Антитеррор - 2019» жаттығуы өтіп жатыр

  • 101
  • UPD: 15:30, 11.10.2019

Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Теміржол инфрақұрылымы объектілеріндегі терроризм актілерінің жолын кесу бойынша жаттығулар жасалды.

Оқу жоспары аясында теміржол инфрақұрылымын терроризмге қарсы қорғаудың бірнеше шарттары көрсетілді.Сондай-ақ ақпараттық жүйелерді киберлік қорғаудың жағдайы тексерілді. Арнайы күштер кепілге алынған адамдарды босату және пойыз вагонындағы террористерді залалсыздандыру үшін операция өткізді. Жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды. Қатысқан мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлерге қарсы тұруда ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы