389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрме қызметкерлері кеудесіне бейнежетон тағып жүретін болды

  • 100
  • UPD: 14:34, 11.10.2019
Түрме қызметкерлері кеудесіне бейнежетон тағып жүретін болды

Түрмелерде бейнебақылау камералары көбейтіліп, қызметкерлер кеуделеріне бейнежетон тағып жүретін болды.

Әзірге 17 түзету мекемесі бейнебақылау жүйесімен қаматамыз етілді. Қалғандарында жұмыс жүріп жатыр. Сондай-ақ жазасын өтеушілермен жұмыс істейтін психологтардың санын арттыру керек-дейді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Олар түзету мекемелеріне жиі бас сұғып, сотталғандардың жағдайын біліп тұрады. Жалпы соңғы 3 жылда қылмыстық-атқару жүйесінде 53 азаптау оқиғасы тіркелген. Оның 13-і түрмелерде, қалғаны уақытша ұстау изоляторларында болған. Осындай оқиғалардың алдын-алу үшін арнайы жол картассы жасалды. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында жол картасын іске асыру шаралары жан-жақты талқыланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қылмыстық-атқару саласындағы медиацияны дамытып, психологтар санын көбейту мақсатында қоғамдық ұйымдарға арнайы грант бөлуге дайын. Бұл жұмыстар келесі жылдан бастап іске асады.

Хабар 24 телеарнасы