389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуандық Бишімбаев түрмеден босап шықты

  • 254
  • UPD: 19:56, 11.10.2019

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты.

Ол түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлады біздің арнамызға Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы Марат Шәріпов. 2019 жылдың ақпан айында кешірім жасау актісімен экс-министрдің бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылған. Араға жеті ай салып, Бишімбаев мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсірген. Сот оның жаза мерзімінің үштен екісін өтегенін және түрмеде жақсы мінез-құлық танытып, тәрбиелік, мәдени іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін төрт рет алғыс-марапаттаулар алғанын ескере отырып, мерзімінен бұрын босату туралы шешімге келген. Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 2017 жылдың қаңтар айында қамауға алынды. Ол ірі көлемде пара алып, ақша жымқырды деп айыпталған.

Марат Шәріпов, Абай аудандық сотының судьясы:

– Жазаны өтеу мерзімі – 2 жыл 8 ай. Қылмыстық кодекстің 72-бабының талабына сәйкес, мұндай өтінішіт қанағаттандыру – соттың міндеті. Бишімбаев төрт рет алғыс алған. Ешқандай жазалау шаралары қолданылмаған.

Хабар 24 телеарнасы