389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында Кореямен бірлескен лифт зауыты жұмысын бастады

  • 96
  • UPD: 15:27, 11.10.2019
Алматы облысында Кореямен бірлескен лифт зауыты жұмысын бастады

Алматы облысында лифт шығаратын қазақстандық-кореялық компания өндірісін бастады. Компанияның Оңтүстік Кореядағы зауытына елшіміз Бақыт Дүйсенбаев келді.

Бірлескен кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, қазақстандық мамандар лифтілерді жинайды, ал оңтүстіккореялық серіктестер құрастыру процесін бақылайды. Зауыт басшысы тек Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия көрші мемлекеттерін де өз өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Тек Алматының өзінде лифттердің жетпіс пайызы тозған. Тоғыз мың лифт ауыстыру керек. Бақыт Дүйсенбаевпен кездесуде өндірісті кеңейту, атап айтқанда республиканың солтүстігінде осындай құрастыру алаңдарын ашу мәселесі талқыланды. Бұл қазақстандық лифтілерді Ресейге жеткізуге мүмкіндік береді. Корей жағы Қазақстанның тұрғын үй бағдарламасына қатысуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ келіссөздерде компоненттерді импорттық баж салығынан босату туралы келісімшарт жасау туралы мәселе қаралды. 

Бақыт Дүйсенбаев, ҚР Корея Республикасындағы елшісі:

- Зауыттың қуаттылығы - жылына шамамен төрт жүз лифт. Бұл Оңтүстік Кореяның заманауи технологиясына негізделген заманауи жеделсатылар. Бұл өте қызық жоба, өйткені біз қазіргі уақытта Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар аймақтарда да мұндай өнімдерге қажеттілік бар екенін білеміз.

Хабар 24 телеарнасы