389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы Жамбыл ауданының жері Қордай ауданына қосылды

  • 117
  • UPD: 15:34, 11.10.2019
Алматы облысындағы Жамбыл ауданының жері Қордай ауданына қосылды

Жамбыл облысының аумағы мыңнан астам гектарға ұлғайды. Үкімет қаулысымен Алматы облысындағы Жамбыл ауданының жері Әулиеата өңірінің Қордай ауданына қосылды.

Осылайша оңтүстік астанадан шалғайда жатқан жұрттың көптен бергі талап-тілегі орындалды. Бұған дейін әкімшілік кедергілерге тап болып жүрген тұрғындар үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары әлдеқайда жақындай түспек.

«Әскери сохвоз» аталып кеткен бұл ауылда  жүзден астам түтін бар. Елдімекен бұған дейін нақты бір әкімшілік аумақтың құрамында болмаған. Алақандай ауылдың бір бөлігі Алматы өңіріне қараса, екінші бөлігі Жамбыл облысында. Бұл күні бүгінге дейін жергілікті тұрғындарға бірқатар қиыншылықтар туғызып келді. Өйткені орталық шалғайда. Халықтың жүріп-тұруына қолайсыз еді.

- Мына көшенің өзі жартысы Қордай Жамбыл облысы, Мына бөлігі Алматы облысы. Мәселе сонда. Талай елдер құжаттарын жасай алмай жүр. 

Оразхан Ақпантаев, Отар ауылының тұрғыны:

- Қазір ешқандай құжатымыз жоқ біздің, құжатсыз отырмыз,үйіміздің доументі жоқ. Көп қиналдық. Алматы облысына барсақ олар айтады біздің територияда емессіңдер дейді. Жамбылға барсақ олар да айтады. Екі ортада тұрғын ауыл болатынбыз. Енді жақсы, мәселе шешіліп отыр. 

Ауыл тұрғындары кез келген мәселені ортаға салу арқылы шешіп үйренген. Мемлекет игілігіне қолы жетпеген жұрт инфрақұрылым мәселесін де өзара реттейді. 

Батырхан Ақпантаев, Отар ауылының тұрғыны:

- Светіміз де ешкімге қарамайды. Жекешеміз. Бұзылса өзіміз жөндейміз. Суымыз да сол. Воен совхоз ешкімге қарамайды. Пропсика Отардамыз. Суды өзіміз жөндейміз, потериясын өзіміз төлейміз.

Ақжол Кәрімов, Отар ауылдық округінің әкімі:

- Жер мәселесі шешілетін болды. осы күнге дейін құжаттарын рәсімдей алмай келе жатқан ауыл тұрғындары қиналып келген мәселе шешілетін болды.Құжаттарын қолдарына алатын болды. Үлкен жақсылық қуаныш болып жатыр ауылымызда.Су мәселесі бар, свет мәселесі бар бәрі шешілетін болады. 

Жамбыл облысының аумағына 1091 гектар алқап қосылып, облыстың жер көлемі  145 355 шаршы шақырымға ұлғайды. Сонымен қатар Отардағы «Гвардейский» әскери гарнизоны мен оқу-жаттығу полигоны, биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зертеу институтының ғимараты сияқты бірқатар нысандар да өтті. Енді Қордай ауданына қарайтын бұл елді мекендегі қордаланған мәселелерді мамандар  шетінен шешуге уәде беріп отыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы