389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

  • 131
  • UPD: 16:08, 11.10.2019
Демалыс күндері елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді pavlodarnews.kz

12-13 қазанда «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының жанында өтетін ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар облысы 510 тонна өнім апарады.

Оның ішінде 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт өнімдері және 50 тонна азық-түлік өнімдері, жұмыртқа, жарма, ұн, нан өнімдері, бал, өсімдік майы бар. Оған қоса, 240 тонна картоп пен 140 тонна көкөніс пен бақша өнімдері жеткізілмек.

Жәрмеңкеде «Рубиком» ЖШС, «МолКом» ЖШС, «Смак» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ, «Галицкое» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Ақжар-Өндіріс» ЖШС т.б. кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы