389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес тізілімін әзірлемек

  • 109
  • UPD: 17:08, 11.10.2019
«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес тізілімін әзірлемек

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес тізілімін әзірлейді.

Бұл туралы бизнесті қорғау жөніндегі IV форумда айтылды. 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылға тыйым салу күшіне енеді. Осыған орай бизнес өкілдері де бәсекеге қабілетті, ісіне адал болуы шарт. Тізілім келесі жылы іске қосылады. Прокуратура, Nur Otan партиясы мен «Атамекен» палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау мен көлеңкелі экономиканың жолын кесу мәселелері талқыланды. Айта кетейік, тек өткен жылы кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік органдардың әрекеттеріне қарсы 50 мыңнан аса шағым тіркелген. Осындай жайттарды болдырмас үшін үш тарап 2020 жылға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі құжатқа қол қойды.

Марат Ахметжанов, ҚР бас прокурорының орынбасары:

– Елбасының, президенттің тапсырмасы бар. Көлеңкелі экономикамен күресті күшейту. Өкілетті органымыз құрылды. Соған қандай талаптар қоямыз? Бюджеттен шыққан қаржыны қалай тиімді пайдалану керек? Сыбайластық болмасын, жемқорлыққа жол берілмесін деп, қылмыстық кодекске көлеңкелі экономиканы жауапкершілігін күшейту жағы қаралып отыр.

Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры:

– Қай кәсіпкер адал, қай кәсіпкер адал емесін айту қиын. Сондықтан осы мәселені шешу үшін «Атамекен» тарапынан біріңғай тізілім жасау керек деп айтып жатырмыз. Халықаралық жүйенің методологиясымен жасалатын реестр. Оның ішінде кәсіпкерлер туралы барлық ақпарат болады.

Хабар 24 телеарнасы