389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының шалғай жатқан аудан тұрғындары өз мәселесін әкімге тікелей жеткізе алады

  • 113
  • UPD: 19:37, 11.10.2019
Ақтөбе облысының шалғай жатқан аудан тұрғындары өз мәселесін әкімге тікелей жеткізе алады

Ақтөбе облысының шалғай жатқан Қобда және Ойыл аудандарының тұрғындары енді өз мәселесін бірінші басшыға тікелей жеткізе алады.

Екі ауданда да «Open Space» кабинеті ашылды. Бұл әкімдер мен мемлекеттік мекеме жетекшілерінің халықпен тығыз байланыс орнатуы үшін жасалып отыр. Қазір дәл осындай ашық кеңістіктер Ақтөбе қаласы мен 9 ауданда жұмыс істеп тұр. Мұнда басшылар тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, өтініштерін қарайды. Кеңес береді, тіпті әлеуметтік желілер арқылы онлайн-трансляциялар өткізіп, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап береді. Жыл соңына дейін өңірдегі Ырғыз ауданы мен облыс орталығында осындай кабинеттің тағы біреуін ашу көзделіп отыр.

Жанболат Тұртаев, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекісі:

– Xалық көбінесе денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары және тұрғын үй бойынша келеді. Онлайн қабылдаулар жүргіземіз. Инстаграм желісінде парақшамыз бар. Сонда 700-ден астам сұрақ түсіп, соның 80 пайызға жуығы толықтай шешілді.

Хабар 24 телеарнасы