389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы күз елордалықтарды таң қалдырды

  • 161
Биылғы күз елордалықтарды таң қалдырды Zakon.kz

Биыл еліміздің солтүстік өңірлері өте жылы болды.

Әдетте, күздің ортасына қарай алғашқы қар жауып, күн құбылатын. Әсіресе, елорда тұрғындары осындай жағдайға әбден үйренген. Бірақ осы жолы сынап бағанасы 20 градустан түспей тұр. Бұл құбылысқа сала мамандары мен қала тұрғындары таңданыс білдіріп жатыр. Осындай жайма-шуақ күн райының арқасында елорда көшелері сары түске боялып, ерекше әсер сыйлайды.

БЛИЦ:

– Бір рет бұрқ етіп қар жауып, сосын қорқытып тастаушы еді ғой. Ондай емес, биылдыққа жақсы болып тұр. Аллаға шүкір. Осы астанаға Қазақстанның бәрі жиналып жатыр емес пе? Көркейіп жатыр. Атына заты сай болып тұр.

– Әдетте қазан айы басталысымен, сынап бағанасы төмендеп, күн күрт суытатын. Тіпті қар жауған кездер де болды. Ал қазір жайдай мүлде басқаша. Тіпті өзімді Алматыда жүргендей сезінемін. Сондықтан осындай тамаша табиғат аясында көбірек серуендеуге тырысамын.

Хабар 24 телеарнасы