389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қағып кеткен баланың әкесі ұлының жағдайы туралы айтты

  • 127
  • UPD: 21:47, 11.10.2019

Кореяда Қазақстан азаматы қағып кеткен баланың жағдайы жақсара бастады.

Елдің Чанвон қаласында болған көлік апаты елде қоғамдық резонанс тудырған еді. Олар кінәлінің елде заңсыз жүріп, құжатсыз көлік басқарып, қылмыс орнынан із суытқанына наразы.

Белсенділер жауаптыны тез арада табуды талап етіп, ел президенті Мун Дже Инге 60 мыңнан астам адамның қолы қойылған петиция жолдаған. Тілшіміз Владислав Цой баланың әкесімен кездесіп, қайғылы оқиғаның біз білмейтін тұстарын анықтап қайтты.

Чанвон қаласы. Жол апаты дәл осы көшеде болды. Қайғылы оқиға жайында халықтың дені хабардар. Апаттың мән-жайын тергеуді Оңтүстік Кореяның әділет министрі жіті бақылауына алды.

Владислав Цой, тілші:

– Апат болған күні бала мектептен шығып, әкесінің дүкеніне барған. Содан кейін, үйіне қайтпақ болады. Бірақ жолды кесіп өтерде, көлік қағып кеткен.

Апаттан кейін баланы бірінші болып оны жақсы танитын кісі байқайды.

оқиға куәгері:

– Гүрсілді естіп, дүкеннен шықтым. Жолда жатқан бір баланы көрдім, айналада көліктер мен адамдар көп болды, мен жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Мен балаға қарап, бастығымның ұлын таныдым. Ол дүкенге жиі келетін.

Біз баланың хал-жағдайын білу үшін ауруханаға арнайы барып, отбасымен жүздеспек болдық. Алайда зардап шеккен баланың әкесі оның ем алып жатқан жерін бейтаныс адамдарға көрсеткісі келмеді. Чан Хён Доктың айтуынша, ұлы жол апатынан кейін адамдардан қорқа бастаған.

Чан Хен Док, баланың әкесі:

– Бас сүйегінің оң жағы қатты зақымдалған. Баланың сүйектері 18 жерден сынған. Әзірге бас сүйек операциядан кейін ашық күйінде қалады, оны жабу операциясы осы айдың соңында немесе келесі айларда жасалады. Бала сандарды тани бастады, операциядан кейін ол мұны жасай алмаған.

Чан Хён Док баласы жұмысқа жиі келетінін айтады. Бірінші сынып оқушысы велосипедін әкесінде тастап, сол жерден мектепке немесе қосымша сабақтарға барып жүрген. Оқиға болған күні де ұлы сол мақсатпен келген. 

Чан Хен Док, баланың әкесі:

– Бір апта бұрын балам реанимациядан шықты, дегенмен қарқынды емдеу қажет. Ол тек ата-анасымен бірге өзін жақсы сезіледі, басқа адамдардан қорқады. Баламыздың есіне түсіп, анасы мен әкесін тани бастағаны керемет. Есте сақтау проблемалары бар, бірақ екі күн бұрын ол қадамдар жасай бастады, енді біз оңалту рәсімдерін қабылдауға дайындалып жатырмыз.

Балаға көмектесу үшін Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасы қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бірақ баланың әкесі одан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Осы уақытқа дейін ем-домға 25 мың доллардан аса қаржы кеткен. Қомақты ақшаны медициналық сақтандыру компаниясы өтейді. Ал Чан Хен Док жеті жасар ұлым аяққа тезірек тұрып кетсе деп армандайды. «Ал баланы қаққан азамат тиісті жазасын алуы тиіс», - дейді ол.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы