389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Елде тыныштық болса, балалар соғыстың құрбаны болмаса – бақыт деген осы

  • 243
Елбасы: Елде тыныштық болса, балалар соғыстың құрбаны болмаса – бақыт деген осы

Үкімет халықты табыс табуы үшін жұмыс орындарымен қамтуға міндетті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасындағы президенттіктен кеткеннен кейінгі алғашқы сұхбатында осылай деді.

«Уақыт бір орында тұрмайды. Барлығы өзгереді. Уақытпен бірге адамдар да, олардың психологиясы да өзгереді. Қазігі уақытта партия белсенді іске кірісуі керек. Саяси партия, билік партиясы халық пен биліктің арасын байланыстырушы көпір болуы керек. Барлық аймақта, ауыл, аудандарда, қалаларда 800 мыңнан аса партияның мүшесі бар. Яғни олар ел-жерде не болып жатқанын ең жақсы білетін адамдар. Жақсы бағдарламалар қабылданып жатыр. Президент Жарлық қабылдайды. Одан кейін партия белсенді жұмыс істеуі керек. Біріншіден, түсіндіруі керек, екіншіден, не істелінбей жатқанын министрлерге айтып, билікке көмектесуі керек», - деді Н.Назарбаев.

Осылайша саяси партияның рөлі халықпен бірге болу екеніне тоқталды.

«Біздің қазақтың тарихында бір үйдің бала-шағасы көп болып, жағдайы қиын болып жатса, ағайын-туыс жиналып, көмектесетін немесе асырап алатын. Осындай мәселелерді халыққа түсіндіру керек. Егер олар жұмыс бер десе, ол Үкіметтің шаруасы. Маған жұмыс беріңдер, ақша табайын деп Үкіметтен жұмыс орнын сұрауы керек», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы бақыттың мәні неде екенін түсіндіріп өтті.

«Егер елде тыныштық болса, балалар соғыстың құрбаны болмаса, адамның істейтін жұмысы болса, бақыт деген осы», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы