389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда баланың көзінше ит аулаған қызметкер жұмыстан қуылуы мүмкін

  • 134
  • UPD: 07:53, 12.10.2019
Таразда баланың көзінше ит аулаған қызметкер жұмыстан қуылуы мүмкін

Таразда ит атқыштардың басы дауға қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар қаңғыбас жануарларды аулағыш бригада қызметкерлері «итті баланың көзінше атып, өміріне қауіп төндірді», - деп әлеуметтік желіде шу шығарды.

Болған оқиға қаладағы үйлердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнетүсірілімнен қолына қару ұстаған ер адамның ит пен қызды айналшықтап, кейін жануарды сүйреп алып бара жатқанын анық көруге болады. Оның бұл әрекеті желіде тарап, қоғамда үлкен талқыға түсті. Қалалық ветеринария бөлімінің мәліметінше, мамандар онда тұрғындардың шақыртуымен арнайы барған. Ал итті басқа жерде атқан көрінеді. Айтуларынша, қалада ит тістеу дерегі көбейген. Жыл басынан бері 1200 оқиға тіркеліп, 9 мыңнан астам қаңғыбас ит атылыпты.

Әнуарбек Қалтаев, қалалық ветеринария бөлімінің басшысы:

- Ит аулағышты шақырып, түсініктеме алдық. Бәрі үш бригада қазір жұмыс атқаруда. Тараз қаласы бойынша мұндай жағдайлар тағы да қайталанбас үшін әрқайсысымен түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. Енді жаңағы кінәлі деп танылып жатса, жұмыстан қуылады.

Хабар 24 телеарнасы