389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарасай ауданында көпбалалы жеті отбасы қоныс тойын тойлады

  • 114
  • UPD: 08:27, 12.10.2019
Қарасай ауданында көпбалалы жеті отбасы қоныс тойын тойлады

Алматы облысының Қарасай ауданында көпбалалы жеті отбасы қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Сондай-ақ жергілікті меценаттар биыл екі жанұяға үй сыйлады. Жалпы өңірде 6500-ден астам көпбалалы отбасы болса, соның 890-ны баспана кезегінде тұр. Ауданның кейбір тұрғындары үйді жалға алса, тағы 17 жанұя пәтер сатып алу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісімшарт бекіткен.

Хабар 24 телеарнасы