389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік мектептерде карталық жүйе енгізіліп жатыр

  • 89
  • UPD: 08:35, 12.10.2019
Ақтөбелік мектептерде карталық жүйе енгізіліп жатыр

Оның көмегімен оқушылар білім ұясындағы турникет арқылы өтіп, асханада тамақтана алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ қоғамдық көлік қызметін пайдалануына мүмкіндік бар. Пилоттық жобаға әзірге Ақтөбедегі 28 мектеп енгізілген. Қазір кезең-кезеңмен әр білім ұясындағы оқушыларға карта таратылып жатыр. Бірақ жыл соңына дейін облыс орталығындағы барлық мектеп қамтылады. Тиімділігі сол, ата-аналар балаларының оқуға қай уақытта келгенін және шыққанын бақылай алады. Яғни, турникетке түскен ақпарат кейін sms-хабарлама арқылы ұялы телефонға түседі. Ал, асханада тамақтану белгілі санаттағы балалар үшін тегін. Қалған оқушылар белгіленген тариф бойынша төлем жүргізеді. Алдағы уақытта Kundelik.kz сайтымен де ықпалдастыру жоспарда бар.

Аманат Рахимов, қалалық ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімі басшысының м.а.:

- Қазіргі таңда ата-аналар бұл карталарды Post.kz мобилдік қосымшасы немесе барлық банктердің мобильдік қосымшалары арқылы толтыра алады. Ол арқылы ата-аналар балаларының қажеттілігіне қарай ақшаларын аударып және бақылай алады. Бұл карталарды тек оқушылар ғана емес, барлық қала тұрғындары қолдана алады. Тұрғындарға бұл карталар қоғамдық көліктерде төлемдерді төлеу үшін сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді алу үшін стипендия, пенсия және т.б. төлемдерді алу үшін қажет болады.

Хабар 24 телеарнасы