389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бердібек Сапарбаев пен Елжан Біртанов Атырау облыстық ауруханасының жұмысымен танысты

  • 123
  • UPD: 14:34, 12.10.2019

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Атыраудағы жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге облыстық аурухана жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақхалаттыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өңірде әлеуметтік статусы нақтыланбаған 24 мың адамды анықтау және олармен жұмыс жасау керектігі айтылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қатар, келер жылдан бастап балаларға дәрігер жазып берген рецептуралық дәрі-дәрмектер тегін берілуі мүмкін. Осыған байланысты қазіргі таңда, арнайы тізім бекітіліп, препараттарды алдын ала сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Жалпы үкімет тарапынан осы жүйені дер кезінде сапалы енгізілу үшін қандай талаптар қойылады. Жергілікті жерлерде қалай жұмыс жасау керек. Екі айдан астам ғана уақыт қалды. Сіздерді жинағандағы ең негізгі мақсатымыз сол. Енді өздеріңіз көріп отсыздар, біздің мемлекетіміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ана мен бала өлімін азайту, адам өмірін ұзарту және емдеу шарасынан кейінгі оңалту қызметтеріне басымдық берді. Ведомство басшысының айтуынша, соңғы аталған бағытқа бөлінетін қаражат көлемі 4 млрд теңгеден 70 млрд теңгеге дейін артуы мүмкін. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жеке медициналық мекемелерді жұмылдыру қажеттігін айтты. Бүгінде қалада сондай 6 орталық бар.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әр азамат өзінің емханасында немесе ауруханаға кіріп, өзінің әлеуметтік статусын анықтауға мүмкіндік бар. Тек қана медициналық мекемеде емес, өздеріңізге мәлім интернет арқылы, телеграм арқылы немесе Электрондық үкімет арқылы анықтауға мүмкіндік бар.

«Көрпе Fest» шарасы Атырауда жалғасты

Ал апта басында Ақтауда Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы аясында өткен кезекті «Көрпе Fest» шарасы Атырауда жалғасты. Фестиваль барысында өз кәсібін дөңгелеткісі келетін көпбалалы аналар мен қыз-келіншектер үшін «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы және директоры, «Құрмет» орденінің иегері, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі Ырза Тұрсынзада жүргізетін тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін сабақтар мен шеберлік сағаты өткізілді.

Ырза Тұрсынзада, «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы:

- Ине ұстамаған қызым Бекет атаның басында музейді қонақжай қазақша жасағанбыз. Бүкіл республикадағы менің шәкірттерім ақысыз жасадық. Сонда бірінші орын алды. Кім мына көрпенің иесі десем, жаңағы ине ұстамаған қызым шығып тұр Атыраудан. Сондықтан бұл өнер біздің әрбір қазақ қызының жадында бар. Тек қана соны жаңғырту керек, ояту керек.

«Асыл ана» жобасының басты мақсаты – әйелдер мен көпбалалы аналарды ұлттық бренд арқылы шағын және орта бизнеске тарту. Бұл жобаға Вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың өзі жетекшілік етеді.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Біз ең біріншіден рахметті Ырза Тұрсынзада ханымға айту керек. Осы кісі өзінің еңбегімен, өзінің қайтпастығымен, қажырлығымен деп те айтуға болады. Осыны Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткізіп жатыр. Бұл кісіге ешкім айтқан жоқ, қинаған жоқ. Мысалы, осыдан бір 2-3 ай бұрын, Астана, Алматы, кеше Ақтауда болды.

 

Бердібек Сапарбаев Жайық өңірінің жастарымен кездесті

Бердібек Сапарбаев жергілікті жастармен, ұстаздармен, зиялы қауым өкілдерімен және ардагерлермен кездесіп, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының тарихи және саяси мән маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Еріктілердің санын көбейтуіміз керек. Бұл үлкен жұмыс. Ол кеше басталған жоқ. 40 жылдық тарихы бар осы еріктілердің. Менің есіме түспей отыр, бір мемлекеттің президенті осы ұсыныспен шыққан. Сондықтан тек қана флешмоб емес, көбіне тәрбиелік жағына бару керек.

Сонымен қатар вице-премьер бастаған отандық делегация Нұрлан Балғымбаев атындағы коммуникация дамыту орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы