389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар жалпықалалық сенбілікке шықты

  • 83
  • UPD: 15:02, 12.10.2019

Бүгін Сенат төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Парламент Сенатының депутаттары мен Жоғары палата аппаратының қызметкерлері де  жалпықалалық сенбілікке шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара барысында сол жақ жағалауға 150-ден астам шырша мен қарағай көшеттері отырғызылды. Қала әкімі Алтай Көлгінов та халық қалаулыларымен бірге сенбілікке белсене атсалысты.

Рашит Әкімов, ҚР Парламент сенатының депутаты:

- Әрдайым біз үлесімізді қосуға, қаланы абаттандыруға тырысамыз. Әрине, биыл енді қала бойынша 16 мыңдай көшет отырғызылады. Ол жылдан жылға саны өсіп келе жатыр. Елорда маңын көгалдандырсақ, іші де сол жасыл аймақ сияқты жылдан жылға көркейе беруге тиіс деп ойлаймын.

Мәжіліс депутаттары да сенбіліктен тыс қалмады. Аллеяға 130-дан астам қарағай, қайың, шаған, терек, жөке және мамыргүл ағаштарын отырғызды. Қолына кетпен мен күрек ұстап, ағаш отырғызу халық қалаулыларына  таңсық емес. «Бұл азаматтық борышымыз», дейді олар.

Хабар 24 телеарнасы