389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дан 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі баланың құқығы бұзылған

  • 109
  • UPD: 14:08, 12.10.2019
СҚО-дан 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі баланың құқығы бұзылған

Солтүстікқазақстандық прокурорлар Петропавлда 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі баланың құқығы бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құзырлы орган өкілдері олқылықты білім беру мекемелерінде арнайы жүргізген тексеріс барысында әшкереледі. Сондай-ақ аталған ұйымдарда оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы белгілі болды. Мұнымен қоса, арнайы оқыту курсынан өтіп, инклюзивті білім беріп жүрген мамандарға қосымша ақы төленбей келген. Және де үйде білім алатын екі баланың ата-анасына кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы берілмеген.

Юлия Қорихова, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:

Қазір ата-аналар тиісті жәрдемақыларын алып жатыр. Оқытушы мамандардың барлығына жалпы сомасы 18 миллион теңге көлемінде қаржы толығымен төленді. 54 акт толтырылып, 24 адам әкімшілік-тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл салада барлығы 90 заңбұзушылықты анықтадық.

Хабар 24 телеарнасы