389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері де сенбілікке қатысты

  • 115
  • UPD: 15:10, 12.10.2019
Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері де сенбілікке қатысты

Ағаш егу – сауапты іс. Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері де ауқымды шараға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ қоғам қайраткерлері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, сондай-ақ Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері де атсалысты. Олар көгалдандыруға белсенді араласып, Ұлы дала, Шыңғыс Айтматов көшесі мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіш алаңына үйеңкі және алма талдарын отырғызды.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бүгінгі іс-шараға өздеріңіз білетіндей, біз Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері мен осы Нұр-Сұлтан қаласында аккредиттелген өкілдер, елшілер, халықаралық ұйым өкілдері қатысуда. Қазіргі уақытта 150 шақты адам қатысып жатыр. Олардың ішінде 70 шақты шетелдік елшілер мен дипломаттар бар.

Хабар 24 телеарнасы