389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясы жаңа көліктермен толықты

  • 94
  • UPD: 18:24, 12.10.2019

Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясының автопаркі 36 жаңа санитарлық автокөлікпен толықты.

Оның 7-еуі реанимобиль және 12-сі шақыртуларды қамтамасыз етуге арналған жеңіл көліктер. Жаңа темір тұлпарлардың 21-і облыс орталығындағы медициналық мекемелерге қызмет көрсетеді. Ал қалғаны аудандарға үлестірілмек. Жыл соңына дейін тағы осындай 34 автокөлік өңірге әкелінеді. Жедел жәрдем көліктері заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бүгінде облыстық жедел жәрдем қызметі бір орталық арқылы басқарылады. Бұл медициналық көмектің жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. 

Жақсылық Әбдусәметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жалпы облыс бойынша санитарлық автокөліктерге сұраныс өте жоғары. Қазіргі таңға 65 пайызға дейін осы санитарлық автокөліктердің жарамдылық мерзімі өткен. Жаңа айтып өткендей 70 автокөлік биылға жоспарланса, келесі жылы лизинг арқылы осы автокөліктердің қатарын толықтыру жоспарға алынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы