389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің әлеуметтік мәдени даму жұмыс тобы отырыс өткізді

  • 109
  • UPD: 21:30, 12.10.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің әлеуметтік мәдени даму жұмыс тобы отырыс өткізіп, өнер, туризм, кино салаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар министрлік жанынан құрылатын мәдени саясат жөніндегі кеңеске кіретін адамдар тізімі жарияланды. Олардың қатарында ел арасында танымал қоғам қайраткерлері, жазушылар мен журналистер бар. Дегенмен мәдени саясат жөніндегі кеңес құрамы әлі бекіген жоқ. Сондықтан жиынға қатысушылар тізімдегі кандидатураларға байланысты өз пікірімен бөлісіп,  тізімді толықтыруды ұсынды. 

Қазыбек Иса, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі: 

- Бүкіл мәдениет министрлігінің жұмысын үйлестіріп отыратын мәдениет және спорт кеңесі құрылды. Осы кеңеске кіретін 23 адам алып келген екен алдын ала жоба ретінде. Ал мен оған белгілі өзіміздің тұлғаларды қостым. Мысалы, Қазақстан жазушылар одағынан Ұлықбек  Есдәулет, суретшілерден Жанұзақ Мүсәпір,белгілі ақындардан Исраиыл Сапарбай, Смағұл Елубай, ріхани көшбасшылардың ішінен Төлен Әбдіков,  журналистердің атынан Шәмші Пәттиевті қосып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы