389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысуда

  • 126
  • UPD: 22:38, 12.10.2019

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің екінші кезеңі өтіп жатыр. Тәулік бойына жалғасатын  электронды тестілеу екі бөлімнен тұрады.

Алғашқысында үміткерлердің сандық деректі қаншалықты сараптай алатындығы бағаланса, екіншісінде мәтіндік ақпаратты қалай талдайтындығы сараланады. Әрқайсысы 25 сұрақтан тұратын екі сынаққа 50 минут уақыт беріледі. Сынақтан сүрінбей өткендерді іріктеудің 3, 4-кезеңдері күтіп тұр. Кезекті сынақта үміткерлер  эссе жазып, ауызша танысытырылымда  өзінің қабылет қарымын көрсете білуі керек.

Айта кетелік, Қазақстан бойынша Президенттік жастар кадрлық резервіне 7 мың 312 адам құжат тапсырған.

Ақерке Бекахметова, «Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» ҚОФ директоры:

- Осыдан кейін барлық жинақы балы жоғары үміткерлер экспорттық комиссиясының әңгімелесуіне қатысады. Сол бойынша ең жоғары ұпай жинаған адамдар ұлттық комиссияның отырысына жіберіледі тізімдері. Сол ұлттық комиссия жалпы Қазақстан бойынша 300 азаматты Президенттің жастар резервіне таңдап алады.

Хабар 24 телеарнасы