389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарайшық» музей қорығы Ресей мұражайларымен келісім жасасты

  • 134
  • UPD: 23:24, 12.10.2019

Атырау облысындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы Ресейдің көршілес жатқан Астрахань және Волгорад облыстарындағы музейлермен әріптестік қарым-қатынасты дамыту жөнінде келісімшартқа отырды.

Осы мәмілеге сәйкес енді екі елдің музейлері көшпелі көрмелер ұйымдастырып, өзара тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар тарихи орындарда археологиялық қазба жұмыстарын бірге жүргізуді де көздейді.   

Атырау мен Батыс қазақстан облысынан барған ғылыми-зерттеу экспедициясының мүшелері алдымен Астрахань облысындағы «Құрманғазы» музейімен облыстық тарихи-ахитектуралық музейлермен келісімшартқа отырды. Алдағы уақатта облыстық музейдегі 33 мыңнан астам жәдігер Қазақстан жұртшылығына да таныстырылады.   

Елизавета Казакова, Астрахань тарихи-архитектуралық музей-қорығының меңгерушісі /РФ/:

- Біздің көршілес екі елді көптеген тарихи оқиғалар тығыз байланыстырады. Тек «Алтын орда» тарихынан сақталған жәдігерлер жетіп артылады. Біздің Қазақстандық әріптестерімізбен достық әрі кәсіби қарым-қатынас орнатуға қашанда дайынбыз.    

Қазақ хандығының алғашқы астаналарының бірі болған ортағасырлық қала «Сарайшық» музейі де ресейлік мамандарға жете таныстырылды. Қазірдің өзінде мұнда ресейлік мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.   

Айбек Тұрарұлы, «Сарайшық» РМК тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары /Атырау/:

- Қазіргі кезде біздің «Сарайшық» музей-қорығында Астраханьдық археолог ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Олар Плахов, Пантелеев, Бирюков деген сүретші-топографтар. Оларға бізге келіп істеп жатыр, өздеріне де бізді шақырады. Жағдай болып жатса осы бізге Ресей жерлерінде де қазба жұмыстарын жүргізуге болады.

Волгорад облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшылары да Қазақстандық әріптестерін құшақ жая қарсы алды. Мұндағы «Алтын орда» дәуірі мен сарматтар кезеңінен сақталған жәдігерлер бір-біріне өте ұқсас.

Анатолий Мальченко, Волгоград облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры /РФ/:

- Біз қазастандық музей-қорықтармен әріптестік орнатуға үлкен құлшыныспен кірісеміз. Қазақстан халқы біздің музейдегі жәдігерлермен танысса біздің Волгоград музейіне келушілер қазақ елінің батыс облысытарының тарихымен танысуға мүмкіндік алады.    

Болашақта екі елдің музей-қорықтары арасында ғылыми-зерттеу жән туристік қарым-қатынас жанданып өзара қарым-қатынас аясы кеңейетіндігіне зор мүмкіндіктер бар. Сондықтанда реселік мамандар мұндай бастамаға қолдау көрсететіндіктерін мәлім етті.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы