378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинар-кеңесі өтті

  • 446
  • UPD: 11:22, 13.10.2019
Ақтауда республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинар-кеңесі өтті

Ақтауда республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинар-кеңесі өтті.

Алқалы жиынға қатысқан аға буын өкілдері Президенттің Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Кездесуде жастарға рухани тәрбие беру, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешу жолдары айтылды. Отырысқа қатысушылар әдебиет абызы Әбіш Кекілбайұлының өскелең ұрпаққа қалдырған баға жетпес мұраларын насихаттаудың ортақ міндет екеніне айрықша тоқталды. Республикалық кеңес мүшелері алдағы күндері маңғыстаулық әріптестерімен өзара тәжірибе алмасады.

Серікбай Төлетов, Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Келген төрағалардың саны – 38 адам. Өздеріңіз білесіздер, жақында ғана ардагерлер туралы заң мәжілісте қаралғалы жатыр. Маңызды сұрақтар бар, оның ішінде олардың демалуы, медициналық көмегі және ең маңызды тақырып болашаққа беретін тәлім-тәрбиесінің әлі де керектігі талқыланады деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы