384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда колледждерді сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқыланды

  • 253
Оралда колледждерді сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқыланды

Оралда кәсіптік-техникалық білім беретін колледждерді сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқыланды.

Бүгінгі таңда республика бойынша 33 кәсіпорын осындай оқу орындарын сенімгерлік басқару құқығымен алуға ниет білдірген. Министрлік жанынан оның механизмдерін жан-жақты түсіндіруге арналған жобалық кеңсе де құрылыпты. Мемлекет тарапынан жыл сайын әр студент үшін 50 мың теңге көлемінде субсидия төлеу ұсынылып отыр. Сенімгерлік басқаруға берудің тиімді тұсы инвесторлар еңбек нарығында ең қажет деген мамандықтар бойынша кадрлар дайындайды. Әрі дуалды оқыту сапасына да оң әсер етеді, - дейді сала мамандары.    

Мұхтар Манкеев, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- 3-4 кәсіпкер өз бастамасын ұсынды. Біз колледждерді дайындап жатырмыз. Бұл жерден өздерінің өзекті сұрақтарына жауаптарын алғаннан кейін біз бір нақты жоспар жасап, колледжерді сенімгерлік басқаруға беруге жұмыс бастап жатырмыз.

Ләззәт Шоңаева, ұлттық кәсіпкерлер палатасы департаменті директорының орынбасары:

- Бизнес кәсіпорындары колледждерді еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға бағыттап отырады. Өз кезегінде, колледждер де басқару тәсілін өзгертуі тиіс. Мүмкін қайсібір нақты салалар бойынша тәжірибелік тапсырмалар беріп, зертханалық жұмыстар жүргізуге қабілетті кәсіби мамандар тартылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы