387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде колледж оқушысынан пневматикалық тапанша табылды

  • 247
  • UPD: 14:16, 13.10.2019
Ақтөбеде колледж оқушысынан пневматикалық тапанша табылды

Ақтөбеде «Студент» атты жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр.

Мақсат – жастар арасында заңсыздықтың алдын алу. Шара аясында полиция қызметкерлері қалада орналасқан оқу орындарының 14 жатақханасы мен 1700-ден астам студент тұрып жатқан жалдамалы пәтерде болды. Тексеру барысында колледж оқушысынан пневматикалық тапанша табылған. Енді оның ісі қала әкімі жанындағы арнайы комиссияда қаралады. Оған студенттің ата-анасы да қатысады. Бүгінде өңірдегі оқу орындарында 20 мыңнан астам жас білім алып жатыр.

Ботакөз Жалекешова, №3 қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы:

– Көп жағдайда кәмелетке толмағандар заңды өкілетсіз тұрғандықтан, аудандардан келген кезде мекенжай анықтамасы болмай қалады. Мекенжайы тіркелмей қалады. Сондай кемшіліктер болды. Бірақ заңды өкілдерін шақыртып, 17 студентті тіркеуге алдық.

Хабар 24 телеарнасы