388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада әйелдерге арналған 25 кимоно аукционға қойылды

  • 184
  • UPD: 21:44, 13.10.2019
Елордада әйелдерге арналған 25 кимоно аукционға қойылды

Сондай-ақ, қала тұрғындары өтіп жатқан қайырымдылық шарасы кезінде 6 белбеу, 3 күртеше және жапон матасын сатып ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түскен қаражат түрлі ауруларға шалдыққан балаларды қолдауға және медициналық қондырғылар орнатуға жұмсалады. Қайырымдылық акциясы JP TO KZ, яғни Жапониядан Қазақстанға деген атауға ие. Бұдан бөлек, шарада жапон халқының дәстүрінен сыр шертетін арнайы көріністер ұйымдастырылды.

Хитоми Шимомура, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы:

Қазақстанда тұрып жатқаныма 4 жыл болды. Осы уақыт ішінде қазақ халқында мейірімділік қасиеттің ерекше бағаланатынын түсіндім. Қазақстан халқына деген құрметтің бір белгісі ретінде осы қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды жөн деп санадық. Әрі бұл көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беру үшін жақсы мүмкіндік. Сондай-ақ, Қазақстан мен Жапонияның арасы да жақындай түседі.

Хабар 24 телеарнасы