389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да егін алқабының 97%-тен астамы орылды

  • 162
  • UPD: 22:22, 13.10.2019

Солтүстікқазақстандық диқандар биыл орта есеппен гектарынан 16,8 центнерден астық жинады.

Ауа райы шаруалар үшін қолайлы болмағанмен, егін бітік шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде ризығын жерден табатын шаруалардың басым бөлігі жиын-терім жұмыстарын аяқтап та қойды. Осы өңірден Самат Қайырденұлы сөз алады.

Ауыл шаруашылығы саласында көп жылғы еңбек өтілі бар Петр Порубенский қырдағы қызу қарбаласты қазан айының басында аяқтады. Шаруашылықта астық берекелілігі орташа есеппен алғанда гектарынан -37 центнерден айналған. «Дегенмен де биылғы ауа райы шаруаларға кедергі келтірді», - дейді диқан.

Пётр Порубенский, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Біз тамыз айының басында ораққа кіріскен едік. Өйткені бидайымыз ерте пісті. Әрине, жауын-шашын бізді біраз әбігерге салды.Сондықтан науқан созылып кетті. Алтын дәнді шашау шығармай жинап алу үшін әр сағатты тиімді пайдаланып қалуға тырыстық. Есесіне дала басындағы жұмыс толығымен бітті.

Қоңыр күзде күн суыса да, шаруаның көңілі суымаған. Себебі алажаздай баптаған сары алтын астық сақтау орындарына тасымалданып жатыр.

Самат Қайырденұлы, тілші:

Танап басынан жеткізілген астық мұнда тазартылады, кептіріледі. Содан кейін ғана барып элеваторға жөнелтіледі. Өйткені талап бойынша бидайдың ылғалдылығы 14%-тен аспауы керек.

Биыл өңірде бидай 2,8 миллион гектарға егілді. Бүгінде 7 ауданның диқандары маңызды науқанды межеледі. Жалпы алқаптың 97%-тен астамы орылды. Қалғаны ауа райы қолбайлау болмаса, бернеше күнде қамбаға құйылады.

Наргиз Ақжігітова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы:

Лицензиялы элеватор жұмыс істеп жатыр. Онда 827 мың тоннадан артық астық тиелді. Және ол жұмыс әлі де жалғасуда. Элеватордағы астықтың 37%-і үшінші сұрыпты бидай. Былтырғы жылға қарағанда ол 8%-ке артық. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 41 миллиард теңге субсидия төлену жоспарда болса, қазіргі уақытта оның 32 милиларды төленді.

Баға да биыл шаруаларды қуантып отыр. Азық-түлік корпорациясы астықтың бір тоннасын 70-76 мың теңгеден сатып алып жатыр. Мұнымен қоса, солтүстіктің сары алтыны Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан елдеріне де экспортталады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы