384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды

  • 303
  • UPD: 10:35, 14.10.2019
Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды

Оңтүстік Кореяда бүлдіршінді қағып кеткен қазақстандық Оңтүстік Кореяға оралды.

Бұл туралы M.yna.co.kr сайтына сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz хабарлайды. Апатқа кінәлі азамат елге ерікті түрде оралып, жасаған әрекеті үшін кешірім сұраған. Ер кісіні Инчхон әуежайынан полиция өкілері алып кетті.

Бұған дейін хабарланғандай, 20 жастағы қазақстандық еңбек мигранты баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал жеті жасар бүлдіршіннің басына күрделі операция жасалған. Келесі күні он сағат қырық бес минутта қылмыскер Өзбекстанға ұшып кеткен. Көлік тіркелмегендіктен, күдіктіні анықтау үшін тергеушілерге уақыт қажет болды. Күдіктінің есімі дүкенде пайдаланған банк карточкасынан анықталды.

Апат жергілікті қоғам ішінде үлкен дау туғызды. Іске тіпті елдің әділет министрі Чо Гук араласты.

ҚР СІМ өкілдері де бұл оқиғаға қатысты түсінік берген болатын.

Осы жайттан соң Оңтүстік Корея заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерге елден шығу ережесін қатаңдататындығын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы