388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин жұмыс қарқыны төмендеген әкімдерге жағдайды түзетуді тапсырды

  • 165
  • UPD: 10:42, 14.10.2019
А.Мамин жұмыс қарқыны төмендеген әкімдерге жағдайды түзетуді тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс қарқыны төмендеген әкімдерге барынша қысқа мерзімде жағдайды түзетуді тапсырды.

«Баяндамаларға қарағанда, 9 айда жалпы ішкі өнім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өскен. Өсім құрылыста - 13,5 пайыз, саудада - 7,6 пайыз, көлік саласында - 5,5 пайыз, өңдеуші секторда, оның ішінде машина жасауда - 18,2 пайыз, жеңіл өнеркәсіпте - 19 пайыз, металл рудалары өндірісінде - 16,1 пайыз, мұнай өңдеу 7,2 пайызды құрады. 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсімнің негізгі базалық көрсеткіштері бойынша Атырау, ШҚО, Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстары әкімдерінің оң жұмысын атап өткім келеді. Артта қалған өңірлер жұмыс қарқынын күшейтіп, тиісті шаралады іске асыруы қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында. Асқар Мамин кей әкімдіктерде бірқатар көрсеткіш төмендеп бара жатқанын еске салды. «Маңғыстау облысында 9 айдың қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткіштер төмендеп отыр.

Атап айтсақ, құрылыста, инвестиция, өнеркәсіпте және байланыс бойынша даму қарқыны баяулады. Сол секілді Қызылорда облысында өнеркәсіп және байланыс, БҚО-да өнеркәсіп, СҚО-да құрылыс қарқыны төмендеуде. Сондықтан әкімдерге барынша қысқа мерзімде жағдайды түзетуді тапсырамыз», - деді Асқар Мамин. Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Әлихан Смайылов қай министрліктер бюджетті игере алмай жатқанын айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы