378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ Бишімбаевтың босап шығуына қатысты түсініктеме берді

  • 307
  • UPD: 12:42, 14.10.2019
ҚР ІІМ Бишімбаевтың босап шығуына қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бишімбаевқа қатысты сот шешімі шықты. Жоғарғы сот бұл іске қатысты түсініктеме берді. Жоғарғы соттың шешіміне пікір білдіруге менің құзыретім де жоқ. Бәрі заң шеңберінде жүзеге асырылды. Қандай нормативті құжаттардың қабылданғаны туралы мән-жайдың бәрі түсіндірілген», - деді М.Қожаев Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ вице-министр Қуандық Бишімбаевтың сотталу мерзімінің арнайы шешіммен қысқарғанын айтты.

«Әзірше экс-министр пробациялық қызметтің бақылауында болады. Оның сотталу мерзімі 4 жыл 8 айға қысқартылған. Оның үштен екі бөлігін өтеді. Енді 1 жылдан астам уақыт қалған. Осы мерзімді өтеу оған жеңілдетілді», - деді ол.

Айта кетсек, 11 қазан күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Шымкент қаласындағы түрмеден бостандыққа шықты.

Хабар 24 телеарнасы