388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Ермекбаев Арыста қаза тапқан әскеридің отбасына көңіл айтты

  • 193
  • UPD: 12:51, 14.10.2019
Н.Ермекбаев Арыста қаза тапқан әскеридің отбасына көңіл айтты

Арыс маңындағы жарылыстан қаза тапқан әскери қызметшінің өліміне қорғаныс министрі пікір білдірді.

Нұрлан Ермекбаев «мұны күллі Қарулы күштер үшін орны толмас қаза» деді. Еске сала кетейік, қазанның он бірінде Арыс қаласынан 60 шақырым жердегі арнайы жабдықталған полигонда оқдәрі жарылды. Салдарынан аталған аумақта оқтарды жоюмен айналысып жүрген әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Аманжол Ақышев ауыр жарақаттан қаза тапты. Қорғаныс министрлігі жұмыстар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілгенін мәлімдеді. Оқиғаның нақты себебі анықталу үстінде. Арнайы тергеу тобы қазір жұмыс жасап жатыр.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Аманжол Советұлы Ақышевтің туған туыстарына көңіл айтамыз. Олардың қайғысына ортақпыз. Бұл тек Ақышевтар отбасына емес, бұл бүкіл Қарулы күштер үшін орны толмас қаза.  

Арыстағы қоймалардан қару-жарақ, оқ дәрілерді шығару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл іске 700 дей әскери жұмылдырылған. Бәрі де келісім бойынша қызмет етіп жүрген жоғары білікті мамандар. Қатардағы жауынгерлер жоқ. Қала оқ дәрілерден тазаланды. Негізгі шаруа қазір шаһар маңындағы әскери бөлімде атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы