384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі көп балалы отбасылардың аяққа тұруына АӘК септігі мол

  • 262
  • UPD: 15:04, 14.10.2019

Шымкентте көп балалы отбасылар шағын және орта кәсіпкерлікке ден қоюда. Олардың бұлай аяққа тұруына атаулы әлеуметтік көмектің септігі мол. Қазір шаһарда атаулы әлеуметтік көмекке 17 943 көп балалы отбасы қол жеткізген. Олардың көбі бизнес жоспар құрып, кейбіреуі шағын несиені иемденген. 

Балалы үй базар деген.  Алты баланы мәпелеп өсіріп отырған Фахридин мен Светлана Алмахожаевтардың қуанышында шек жоқ. Балаларының алды 19 жаста болса, кенжесі 3-те. Жуырда бұл көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Олар бұл қаражатты жеке кәсіпке жұмсауға бел буыпты.  Бастапқы да тірліктің көзін неден бастасақ екен деп көп ойландық дейді үйдің отағасы. Фахридиннің жұбайы заңгерлік мамандықта білім алса, өзі бір кездері мал шаруашылығымен айналысқан. Алайда жанұя өзге кәсіпті таңдапты.

Қазір Алмаходжаевтар бал арасымен дос. Бұл бизнесті бастау үшін көп күш жұмсадық дейді. Отағасының айтуынша  араны асырауға қанша тер төксең, соған лайықты өнім аласың. 

Фахридин Алмаходжаев, қала тұрғыны:

- Бұл істе жан тәніңмен кірісіп жұмыс жасамасаң болмайды. Оны бал арасы да сезіп қояды. Дегенмен, менің араларым маған өз көмегін көрсетуде. Балаларымды да осы кәсіпке баулығым келеді.

Шымшаһардан шалғайда тұратын жанұя омартаны тау беткейіне қарай орналастырыпты. Себебі мұнда олар экологиялық таза және табиғи өнімді жинайды. Бастапқыда балды достарына таныстарына сатса, қазір тұтынушылары жетерлік. Енді олар бал ара шаруашылығын ұлғайтпақ ниетте.

Дәурен Дүйсебаев, қалалық жұмыспен қамту орталығының ресми өкілі:

- Қаржылай көмек алған отбасылар азаматтар бүгінгі таңда өз кәсібін ашып жатыр. Алған қаражатына біреулер мал шаруашылығымен айналысуды қолға алған. Енді біреулер тігін цехын ашуда. Сол сияқты шағын былайша айтқанда бизнескеөздерінің қаражаттарын жұмсап жатыр.

Гүлдана Кулер көпбалалы ана. Үйдің тіршілігі мен балаларына деген күнделікті қамқорлығынан бөлек ол өз тігін шеберханасына уақыт табады. Тапсырыспен көрпе тігеді. Гүлдана мұндай өнерді Түркияда жүргенде меңгеріпті. Ол шет мемлекетте көп жыл тұрған. Содан тарихи отанына қайтуды ұйғарыпты.

Гүлдана Кулер, қала тұрғыны:

- Атаулы әлеуметтік көмек  яғни шартты көмек алдым. Көмек алғаннан кейін осы ательені аштым кішігірім. Оберлок машинка, вышивка машинка маталарын алдым. Қазір тапсырыс бойынша ою құрақ тігемін. Тапсырыстарым жақсы сапалы өнім болған соң қайтадан тұтынушыларым келуде басқа да таныстарын әкелуде.

Гүлданаға қазір туысы Хадиша көмектеседі. Ол да бес баланың анасы. Екеуінің шағын кәсібі қазір отбасын асырап аяқтан тұруына жәрдемдесуде. Ал қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, атаулы әлеуметтік көмек алғандардың көбі қазір дүкен ашып, нан жабатын орындарға көптеп көңіл бөлуде. Ал кейбіреуі мал сатып алуда.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы