385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қамбаға 19 млн тонна астық құйылған

  • 189
  • UPD: 15:05, 14.10.2019

Қазақстанда нан қымбаттайды. Бүгін бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі журналистерге мәлімдеді.

Сапархан Омаровтың айтуынша, қазіргі уақытта нанның құны әр өңірде әртүрлі. Шамамен 75-78 теңге. Бірақ министр бұл баға 80-82 теңгеге дейін өседі, деп топшылап отыр. Бүгінгі таңда ел диқандары қамбаға 19 млн тонна астық құйған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 миллионға аз. Оған астықты аймақтардағы қуаңшылық себеп. Сондықтан нанның бағасы әбден өсуі мүмкін. Алайла негізсіз шарықтауға жол бермеу үшін Азық-түлік корпорациясы мен облыстық әкімдіктер Тұрақтандыру қоры үшін сары алтын пен ұн сатып алып жатыр.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын ақпан айынан бастап, шілде айына дейін Азық-түлік корпорациясы 150-250 мың тонна астық өткізеді. Мәселен, биылдың өзінде нанның қымбаттап кетуіне жол бермеу үшін 150 мың тонна сары алтын саттық.

Хабар 24 телеарнасы