387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы Тасқала ауданында көп балалы отбасыларға 72 пәтер берілді

  • 192
  • UPD: 17:26, 14.10.2019

Орал қаласында биыл көп балалы аналарды баспанамен қамтуға қазынадан 2,1 миллиард теңге қаржы қаралған.

Оның 1 жарым миллиарды 177 пәтерлік үйдің құрылысына бөлінсе, қалғаны 66 пәтерді сатып алуға жұмсалыпты. Қоғамның әлжуаз топтарына қамқорлық аудандарда да жүзеге асуда. Мәселен, Тасқала ауданында жуырда 36 пәтерлік екі тұрғын үй тапсырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген сәулетті үйлер кезекте тұрғандарға  берілді. Оның 9-ы көп балалы отбасыларға бұйырды. Аталмыш бағдарлама бойынша өңірде күні бүгін 17 көп қабатты тұрғын үй салынуда. 

Гүлжан Бибалина, көп балалы ана:

- Кезекке 2014-те тұрдым. Бір қызым мүгедектігі бар, сонымен тұрдық. Енді үй салынады деп айтып жүрді ғой, үміттеніп жүрдік. Сосын күні кеше шақырып, бәрімізді жинап алғанда қуанышымызда шек болған жоқ. Көптен күттік. Мүмкін бізден де көп күткендер болар. Сондай қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы