387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медеу шатқалына Қазақстанның ең үлкен мемлекеттік туы орнатылды

  • 297
  • UPD: 14:09, 14.10.2019
Медеу шатқалына Қазақстанның ең үлкен мемлекеттік туы орнатылды

Тұғырдың биіктігі 40 метр болса, байрақтың ені 7 ал ұзындығы 14 метр. «Алматының көрікті жерінде Мемлекеттік туды көтерудің өзіндік маңызы бар.

Себебі Елбасы айтқандай, Алматы – Тәуелсіздіктің бесігі. Ал Медеу мұз айдыны талай спорттық жеңістердің куәгері», деп атап өтті «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. Мемлекеттік ту Ұлттық баскетбол федерациясының бастамасымен, «Nur Otan» партиясы және қала әкімдігінің қолдауымен орнатылды. Туды көтеру салтанатына танымал спортшылар, қаладағы жастар ұйымының өкілдері қатысты.

Хабар 24 телеарнасы