378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы ауылда заманауи мал сою бекеті ашылды

  • 310
  • UPD: 14:20, 14.10.2019
Қарағанды облысындағы ауылда заманауи мал сою бекеті ашылды

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы  ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жанынан модульдік мал сою бекеті ашылды.

Стандартқа сай кешен енді шаруа қожалықтарына сапалы қызмет көрсетеді. Заманауи қасапхана жаңа  қондырғылармен жабдықталған. Аталған орынды елдің игілігіне жаратуды көздеген кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып, осылайша өз ісін өркендетіп отыр.  Мұндағы тоңазытқыш пен мұздатқышта 20 тонна ет сақталады. Санитарлық-ветеринарлық талаптарға толықтай  жауап беретін пункітте тәулігіне 10 ірі қара мен 20 қой сойылады. Артынша малдың етін  зертханада ветериналар тексереді. Модульдік мал сою бекетіне  4 адам жұмысқа қабылданды 

Ерлан Нұртазин, кәсіпкер: 

- Ауылымызға өте қажет. Сосын қолға алып, жұмыс істеткізейін деп жатырмыз. Осы кешен халықтың сұранысымен салынды.

Хабар 24 телеарнасы