389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы ауруханада неонатолог және анестезиолог жетіспейді

  • 136
  • UPD: 14:48, 14.10.2019
Алматы облысындағы ауруханада неонатолог және анестезиолог жетіспейді

Алматы облысы Ақсу ауданының ауруханасына неонатолог және анестезиологтар жетіспейді. Аймаққа аса қажет мамандардың қызметін жоғары санаттағы педиаторлар атқарып отыр.

Олар емдеу мекемесінің есебінен қайта даярлаудан өткен. Бұл жұмыстар биыл да жалғасты. Жалпы аймақта 80 нен аса дәрігер еңбек етеді. Соның 70 пайызы жас мамандар. Осы жылдың өзінде 8 адам «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналасты. Алматы, Семей және Ресейдегі медициналық университетінің түлектері үшін арнайы бағдарлама дайындалған. Көтерме жәрдемақы алғанға дейін қызметтік баспана беру жағы да қарастырылып отыр.    

Асқар Балтабаев, Ақсу аудандық орталық ауруханасының директоры:

 - Ауданда 17 өзіміздің үйіміз бар. Келген дәрігерлерге береміз. Осы жерде жағдайын жасап береміз 150 мың жалақы беріледі. Сосын несие беріледі. 3 млн 800 мың. Үй сатып алуға.

Хабар 24 телеарнасы