384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

  • 267
  • UPD: 17:39, 14.10.2019
Түркістан облысындағы Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Қызылжар ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен аудандық билік басшылары және жергілікті тұрғындар қатысып, лентасын қиды.

«Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан ауыл округінің бұрынғы ғимараты тозығы жетіп, ескірген. Халыққа дәрігерлік көмек көрсетуге арналған жаңа емдеу-профилактикалық мекемесі заманауи медициналық жабдықпен толық қамтылған»,- делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңа емдеу мекемесінде қырыққа жуық медицина қызметкері жұмыс істейді.

Айта кетсек, Қызылжар ауылдық округінің халық саны жеті жарым мыңнан асады.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы