388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда нан қымбаттады

  • 237
  • UPD: 19:12, 14.10.2019
Павлодарда нан қымбаттады

Павлодарлықтар «тау наны» атап кеткен ас атасының құны 85-тен 105 теңгеге шарықтаған.

Бұл көпшілік ең көп тұтынатын нан. Әлеуметтік санаттағы азық-түліктің қатарына жатады. Қазір дүкен сөрелеріндегі ең қымбат нан осы болып отыр. Өткен демалыс күндері қалыпты нанның сатып алу құны 20 теңгеге көтерілген. Оның артынша басқа да нан-тоқаш бұйымдарының бағасы өскен. Ертіс өңірінде басты тағамның құны соңғы рет ақпан айының соңында қымбаттаған еді. Ол кезде бір бөлке нан 90 теңгеге жетіп, көп ұзамай қайта арзандаған. Павлодардың нан-тоқаш комбинаты бағаны өсіруге ұнның қымбаттағаны әсер еткенін айтып отыр. Ұн тартушылар бір келісін 90 теңгеден босатып жатыр. Ал жергілікті атқарушы билік әзірге нан бағасын тұрақтандыруға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Әсемгүл Темірғалиева, кәсіпкер:

– Өткен аптаның басында біз нанды 85 теңгеден сатып алып, 90 теңгеден сатып едік. Ал қазір «тау нанын» 105 теңгеден алып жатырмыз және ол 110 теңгеден саудаланады. Сонымен қатар іркіт қосылған нан, нан-тоқаш комбинатының батондары, «Под колбаску», «Россиский» және «Бородинский» нандары да қымбаттады.

Хабар 24 телеарнасы