Нұрсұлтан Назарбаев ТМЫК VII саммитіне қатысу үшін Баку қаласына келді.
«Сапар барысында Елбасы Ильхам Әлиевпен кездесіп, сондай-ақ Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен және Түркия президенті Режеп Ердоғанмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар ТМЫК VII саммитіне қатысады», деп жазды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.