376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында электр қуаты қымбаттамақ

  • 292
Қостанай облысында электр қуаты қымбаттамақ

Қостанай облысында электр қуаты қымбаттауы мүмкін.

Аймақты энергиямен қамтамасыз ететін монополист компания орташа тарифті 1,7 процентке көтеруді көздейді. Осыған орай қоғамдық тыңдау өтіп, энергетиктер бұл қадамға не себепті барып отырғандарын түсіндірді. Олардың айтуынша, электр қуатын тасымалдау мен тарату, тұтынушыға қызмет көрсету және дебиторлық қарызбен жұмыс жүргізу үшін қаражат жеткіліксіз. Сол себепті бірінші қарашадан бастап жарықтың құны 15 теңге 57 тиыннан 17 теңге 67 тиынға қымбаттамақ. Дегенмен тариф жөніндегі өтініш әлі мақұлданған жоқ. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті бұл мәселені жан-жақты зерттейтін болады. 

Анаргүл Өскенбаева, «Қостанай энерго орталығы» ЖШС бас директоры:

– Тариф үш жыл бойы өзгерген жоқ. Компания 2016 жылы шығынға ұшырап, оны өтей алмай келеміз. Салдарынан биыл қызметкерлеріміздің еңбекақысын 25 процентке азайтуға мәжбүр болдық. Білікті мамандарымыз жұмыстан жаппай шығып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы