384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нан алдағы уақытта әлі де қымбаттауы мүмкін

  • 200
Нан алдағы уақытта әлі де қымбаттауы мүмкін

Елімізде нан мен ет қана емес, азық-түліктің өзге де түрлері қымбаттап барады.

Бұл жылдық инфляцияның өсуіне де әкеліп соғады. Бүгін бұл туралы Үкіметтің отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Ет дегенде бет бар ма? Қазақ үшін тағамның төресі саналатын бұл өнімді саудалап жүргендерде бүгінде бет жоқ секілді. Бағасын 13,5% өсіріп қойған.

Жасын Біркенов, тілші:

– Бір қызығы, мына жерде сиыр еті – 1750 теңге. Ал мына жерде 1900. Бағасы әр түрлі. Сапасына қарай. 3-4 ай бойы 1900 теңге шамасында, ал бұған дейін баға 1700-1800 теңге болған.

қала тұрғыны:

– Жылдың басында сиырдың еті қанша тұрып еді? Қазір 1900 теңге. Ол кезде 1600-1650 теңге тұрды. Әжептәуір қымбаттап кетіпті. Жылқы еті 2 мың болса, қазір 2500. Зейнеткерлер үшін бұл өте қымбат. Сондықтан біз тауық етін аламыз. Тауық еті арзандау.

Жарманың да бағасы қазір қалтаны жұқартатын болды. Нан-тоқаш өнімдерімен бірге бұл азық-түліктің құны 12,7% қымбаттаған.

Жасын Біркенов, тілші:

– Мұндағы саудагерлердің айтуынша, соңғы 2 аптаның ішінде ұнның бағасы күрт шарықтап кеткен. Шамамен 100-120 теңгеге қымбаттап отыр. Ал нанды бұл жерде 80-85 теңгеге өткізіп жатыр.

Азық-түлік тауарларының шарықтауы инфляцияның өсуіне әкеледі, деді бүгін Ұлттық банк төрағасы. Ал Ауыл шаруашылығы министрі нан алдағы уақытта әлі де қымбаттауы мүмкін екенін жасырмайды.

Авторлары: Ж.Біркенов және Е.Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы