385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында егістік даласынан 90 тонна астық ұрланған

  • 195
Ақмола облысында егістік даласынан 90 тонна астық ұрланған

Үкімет нан бағасымен алысып жатқанда, ұрылар даладағы астыққа қол салды.

Ақмола облысында егістіктен 90 тонна бидай қолды болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға Егіндікөл ауданында болған. Мәліметке сүйенсек, жергілікті серіктестіктердің бірінің директоры қарамағындағы екі жүргізушімен өзара келісіп, егін алқаптарынан жиналған бидайды қырманға төкпестен, көрші аудандарға жөнелтіп отырған. Ал шаруашылық қожайынына келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңге деп бағаланып отыр. Қазір күдіктілер ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Жалпы биыл егін орағы кезінде аймақта бірнеше қылмыс әшкере болған. 

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Осы жылы егін жинау науқаны барысында аудандарда жедел топтар жұмыс істеді. Нәтижесінде 7-8 заңбұзушылық анықталды. Мәселен, Атбасар ауданында 100 литрден астам жанармай ұрланды. Ал Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері қолды болды. Сондай-ақ басқа да аудандарда 10-20 қап бидай ұрлау деректері тіркелді. Барлық істер бойынша қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы