388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенаторлар инновациялық жобалармен танысты

  • 143
  • UPD: 21:48, 14.10.2019

Назарбаев университеті студенттерінің идеялары мен жобалары мемлекеттік органдарда үлкен сұранысқа ие.

Олар медицина, экология, ғылым, білім беру, қауіпсіздік салаларында тың жобаларды табысты пайдаланылып келеді. Бүгін Сенат төрағасы Дариға Назарбаева бастаған депутаттар осы жоғарғы оқу орнының студенттерімен кездесіп, стартаптарымен танысты. Солардың бірі – Балқаш көліндегі судың сапасы мен құрамын зертейтін құрылғы. Сондай-ақ онкологиялық ауруларды анықтайтын қондырғы да таныстырылды. Сенаторлар Назарбаев университетінің аумағында орналасқан технопаркте де болды. Депутаттар сандық 3D-голограмма жобасының авторларымен кездесті. Бұл технология кез келген ғимаратты сандық нұсқаға көшіруге және оны сыртынан ғана емес, ішкі жағынан да 3D-форматында көрсетуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы