386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Театр қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша болмақ

  • 224
  • UPD: 22:05, 14.10.2019

231 мың теңге. Келер жылы театр қызметкерлерінің орташа жалақысы осындай болмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы жолдауында мәдениет өкілдерін қолдау қажеттігін айтқан еді. Салада жалақы және өзге де әлеуметік мәселелер қаншалықты өзекті?

Жас әртіс Әли Бидахметтің үлкен сахнада өнер көрсетіп жүргеніне 1 жыл болды. Бар уақытын дайындыққа арнайды. Дарынды өрен шығармашылық шыңын бағындырмақ ниетте. Ол үшін әрине көп іздену керек. Әлидің орташа жалақысы – 100 мың теңге. «Өнерге өрлеу үшін қаржылық қолдау қажет», дейді.

Әли Бидахмет, театр актері:

– Кіл жастар өнер көрсететін жаңа театрдың аяқ алысы жаман емес. Талабы таудай жастарға бар мүмкіндік берілген. Әли де өзін режиссер ретінде сынап көрді.

Мемлекет басшысының мәдениет саласы қызметкерлерін қолдау бастамасы келер жылы жүзеге асады. Еңбекақы 40 процентке артады. Жастарды баспанамен қамту үшін 3 млн 700 мың теңге несие берілетін болады. Игі жаңалық Әли сияқты жас мамандарға шабыт берері анық.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы