388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 70 автобустың заңсыз қайта жабдықталғаны анықталды

  • 191
Түркістан облысында 70 автобустың заңсыз қайта жабдықталғаны анықталды

Түркістан облысының полицейлері бір тәулік ішінде жол бойындағы 300-ге жуық заң бұзушылықты анықтады.

Осындай тексерістер кезінде 70 автобустың заңсыз қайта жабдықталғаны белгілі болды. Айта кетейік, қазір облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Рейдке полиция қызметкерлері, жол инспекциясы, прокуратура және басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Іс-шара 17 қазанға дейін жалғасады.

Фархат Минаваров, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі бақылау тобының аға инспекторы:

– Осы күндері 17 заңсыз жолаушы тасымалдау және ластанған заттардың асып кетуі бойынша 8 жайт анықталды. Сондай-ақ 206 заңсыз жолаушы мен жүк тасымаладау жайты анықталды. Міндетті техникалық байқаудан өтпеген 83, медициналық байқаудан өтпеген жайттар анықталды.

Хабар 24 телеарнасы