388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент жылу маусымына толық дайын

  • 184
Шымкент жылу маусымына толық дайын

Шымкент биылғы жылу маусымына толық дайын.

Қаладағы жылу қазандықтары жаңғырту жұмыстарынан өтсе, құбырлардың кейбірі жаңарған. Шаһардағы 1458 көп қабатты үй түгелдей дерлік тексерілді. Сондай-ақ бюджеттік мекемелердің де қысқа дайындығы пысықталған. Ал қатты отын тұтынатындар үшін 60 мың тонна көмір қоймаларға жеткізілген. Қаладағы жылу құбырлары жаңарғандықтан, биыл апатты жағдайлар аз болуы мүмкін деп сендірді әкімдіктегілер. Жаңғырту жұмыстары жылу беру кәсіпорнында жүргізілген болатын. Қазандықтар мен басқа жабдықтарды жөндеуге 511 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалыпты. Шымкентте жылыту маусымының басталуы ауа райына тікелей байланысты. Күн күрт суытар болса, яғни ауа температурасы 3 күн бойы -5 градусқа дейін төмендегенде халыққа жылу беріле бастайды.

Бұхарбай Парманов, қала әкімінің орынбасары:

– Көп қабатты тұрғын үйлердің сығымдау жұмыстары аяқталды. 100 пайыз дайындалдық. 100 пайыз барлығынан өткіздік. Сақадай сай дайын тұрмыз. Тұрғындарға 91 мың тонна қатты отынмен қамтасыз етуіміз керек. Қазір 60 мың тонна тасымалданды. Ол 63 пайызды құрап отыр. Енді қазіргі кезде көмірдің бағасы бірқалыпты. 9500 теңгеден 13 700 теңгеге дейін.

Хабар 24 телеарнасы