Салықтық рақымшылық аясында 334 127 жеке тұлға 7,9 млрд теңге көлемінде салықтық берешегін өтеп, 1,64 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды.
«Салықтық берешегін ең көп өтеген - Алматы қаласының тұрғындары. Алматының 65 042 тұрғыны 4 млрд 440 млн теңге қарызын төледі. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Алматы бойынша салық қарызы 5,5 млрд теңгені құраған болатын», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз хабарламасында.
Ал екінші орында Ақтөбе облысы (34 68 адам), үшінші орында Қостанай облысы (28 975 адам) тұр.
Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе мына жерден тексере алады.
Еске сала кетсек, осыған дейін салық төлеуге қатысты ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап алынған болатын.