426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа электрондық сервисті іске қосты

  • 971
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа электрондық сервисті іске қосты

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті «Салықтық есептілікті өңдеу жүйесі» АЖ – «Бухгалтерлік ERP-жүйелерден салық есептілігі нысандарын электронды түрде ұсыну үшін ашық API-интерфейсі» жаңа электрондық сервисін іске қосты.

Бұл туралы Елорда Инфо Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API-сервис ҚР ҚМ МКК АЖ-не салық есептілігі нысандарын ұсынудың балама тәсілі болып табылады.

«Аталған API-сервиске ERP-жүйелерді қосу үшін салық төлеушінің ақпараттық жүйесін СЕӨЖ АЖ – мен интеграциялау бойынша Келісім жасасу қажет. Келісім жобасы, сондай-ақ ұсынылатын API-сервистің форматтары мен схемаларының сипаттамасы api.service порталында орналасқан», – делінген хабарламада.

СЕӨЖ АЖ жаңа электрондық сервисін пайдалануға қатысты анықтамалық ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы