429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жыл басынан бері 53 874 автокөлік сатылды

  • 836
  • UPD: 10:55, 15.10.2019
Қазақстанда жыл басынан бері 53 874 автокөлік сатылды autonews

Елімізде жаңа көліктерді Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары жиі сатып алады, деп жазды otyrar.kz.

Жыл басынан бері 5 968 автокөлік пен жеңіл коммерциялық техникалар, 673 жүк көлігі мен арнайы көліктер сатылған. Олардың ішінде ішінде 373 отандық көлік Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстан мен Беларуське экспортталды.

«Отандық көліктердің үлесі қарқынды өсуде. Осындай қарқынды сұраныс пен экспорт көлік өнеркәсібіне одан әрі нығаюға мүмкіндік береді», - деді «Қазавтобизнес» қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева.

2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша, ішкі нарық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артқан.

Хабар 24 телеарнасы